• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2017

«Алатау» мина-тартқыш кемесінде әскери-теңіз жалауы көтерілді

452 рет
көрсетілді

Жаңа «Алатау» мина-тартқыш кемесі Невск кеме құрастыру зауытында техникалық тапсырыстар негізінде құрастырылған. ҚР Әскери-теңіз Күштері қатарына 2017 жылдың 30 наурызында қабылданған кеме Каспий теңізі акваториясын, жағалау бөлігін минаға қарсы қорғауға арналған.  

Ұзындығы 32 метрді, ені 7 метрді құрайтын, 14 экипаж мүшесіне арналған «Алатау» кемесі вакуумдық инфузия әдісі қалыптамасында негізделген тұтас шыныпластикалық корпусқа ие. Кеме мина іздеуге арналған айрықша батыстық құралдармен жабдықталған толыққанды мина тартқыш-іздеуші болып табылады. Мина-тартқыш кеменің экипаж мүшелері Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз академиясында тәжірибе жинақтады. Жауынгерлік кеме болғандықтан жауынгерлік кезекшілікте болады, бірақ оның кезекшілігі бейбіт заманның еншісінде. Кеме жуырда ғана Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстарын зерттеуден оралды. 

Ақтау теңіз портында  өткен кемеге ту табыстау сәтіне  Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және ҚР Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақов қатысты.  

- Бүгін «Алатау" мина тартқышы Маңғыстау облысына келіп тоқтады, бұл – айтулы оқиға.  Кемеде көтерілген әскери-теңіз жалауы Еліміздің мемлекеттік шекарасын, қоғамдық келісімін және тұрақты дамуын нығайтуға бағытталады. Маңғыстау – Каспий теңізі жағалауында орналасқан және мемлекетіміздің барлық әскери-теңіз күштері шоғырланған жалғыз облыс, - деді кеме экипажын құттықтаған Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов.  ҚР Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақов жалауды кеме командирі, капитан-лейтенант М.Баймұхановқа табыстады. Сондай-ақ, «Алатау» кемесімен танысу барысында аймақ басшысы Е. Тоғжанов құрметті қонақтар кітабына экипаж тартқышына арналған өз тілегін жазып қалдырды.

Гүлайым Шынтемірқызы,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы